4-5 наурыз аралығында «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде әйелдер командалары арасында волейболдан жарыс болып өтті. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған жарыс осымен төртінші рет өткізіліп отыр.
Жарысқа барлығы 6 команда қатысты: «МАЭК», «Каспий», «Маржан», «Аршат», «Батыс» және «Маңғыстау Арена». Спорттық бәсеке басында үш топқа бөлінген командалардың ойындары қызықты әрі қызу жарысқа ұласты. Жартылай финалға МАЭК волейболшылары бірінші орынға үміткер болып, жеңіліссіз жетті. Жүлделі орындар үшін күресте «Батыс» командасы біздің спортшы қыздарымызға есе жіберді. Топтық кезеңде «МАЭК» командасы «Каспийдегі» қарсыластарын 2:0 есебімен жеңді.
- Финалда, өкінішке орай, біздің қыздар Қазақстан Республикасының Ұлттық лигасында кәсіби деңгейде өнер көрсетіп, жоғары деңгейде ойнайтын командадан жеңіліс тапты. Мүмкін, карантинге байланысты спорттық жаттығуларды қаңтар айынан бастап тоқтатуға тура келгендіктен болар, дайындықтың аздығы әсер еткен болуы керек. Бұл турнир төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді және біздің «МАЭК» командасы турнирдің 3 дүркін чемпионы болып табылады. Бұдан бұрынғы үш жылда да біздің команда финалда «Каспиймен» кездесіп, жеңіске жеткен болатын. Биыл екінші орын алдық, ол да жаман нәтиже емес, - дейді бас бапкер, қауіпсіздік қызметінің басшысы Қаныбек Шайдуллин