28.03.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Мұражайдағы мағыналы кездесу

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС өткен жылдан бері карантиндік жағдайға байланысты мұражайға  келушілерді қабылдауды тоқтатқан болатын. Бірақ, мұражай ұжымы ақпан айынан бастап  індеттен сақтану шараларын қолға ала отырып, экскурсиялар жүргізуді қайтадан бастады. Биылғы жылдың алғашқы қонақтары  Ақтау технологиялық сервис колледжінің болашақ Автоматика және өлшеу құралдарын бақылау слесарлері және Байланыс электромонтерлері болды. Студенттер түбектің дамуына серпін берген өңірдің энергетикалық инфрақұрылымының қалыптасу тарихымен танысты.

Ақпараттық әдістемелік орталық қызметкері Людмила Быкова жастарды кәсіпорынның өндірістік жұмыстарымен, бөлімшелер тарихымен және оның іргетасын қалаған  алғашқы ардагерлері туралы әңгімеледі. Қонақтар МАЭК-тің «құс ұшатын биіктікте» жобаланған макетінен комбинат бөлімшелерінің модельденген құрылымын тамашалап, қызыл кітапқа енген түрлі құстардың сүйікті мекеніне айналған Қаракөл жасанды көлінің пайда болу себептерін білді.

- Экскурсия Ақтау технологиялық сервис колледжінің бірінші курс студенттері үшін ұйымдастырылды, оларға жақында өздерінің іс-тәжірибелік сабақтары басталмақ. Сол себепті студенттер алдыменен облыстағы ірі кәсіпорындардың өндірістік жұмыстарымен танысып, өз мамандықтарына алғашқы бейімделу кезеңдерінен өтеді. Бұл оларға кейін өндірістегі жұмыстарын да тез алып кетуіне мүмкіндік береді. Бүгінде техникалық мамандықтар үлкен  сұранысқа ие, әрі жұмысқа орналасуға  да мүмкіндіктер молырақ - дейді «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС еңбек ардагері, Ақтау технологиялық сервис колледжінің өкілі Шәміл Иманқұлов.

                                                                                                      Гүлбаршын Байназарова4 002