28.03.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Жаңа жылдық жарыс

 Кәсіпорын ұжымы жаңа жылды қомақты еңбек табыстарымен және көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Мереке қарсаңында комбинатта «Жыл символын қолдан жасау» және «Жұмыс бөлмесін жаңа жылдық безендіру» байқаулары жарияланған болатын.

Конкурстық комиссияға кәсіпорын бөлімшелері қызметкерлерінің  қолымен істелген 14 түрлі бұйым ұсынылды. Шеберлер 2021 жылдың символы «Сиырдың» бейнесін тоқылған ойыншықтар түрінде, қағаздан, матадан, қалтқылардан қиюластырып жасап, келістіруге тырысқан.                                

Қолөнершілердің шығармашылық сайысына қатысқан Эльвира Сафиуллинаның (ФҚҚ) «Бақыт вагоны» туындысы қазылар алқасынан ең көп ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Комиссия мүшелерінің берген дауыстары нәтижесінде бірдей ұпай жинаған 5 команда (Қауіпсіздік қызметі, Желілер және қосымша станциялар цехынан 2 қатысушы, Қауіпсіздік департаменті, Жөндеу-құрылыс цехы)  қалған екі жүлделі орынға қарсыластар қатарында болды. Дегенмен, комиссия төрағасының шешімімен II және III орындарды Қауіпсіздік қызметінің қызметкері Нұржан Романовтың қолынан шыққан «Кышь-мышь! Мен келдім!» деп аталатын бейне және Қауіпсіздік департаментінің (АҚ және ТЖ) қызметкері Мұрат Кенжеевтің «Қағаз бұқасы» иеленді.

Айта кету керек, онлайн-дауыс беру барысында да лайктардың 32%-і де осы ҚД (АҚ және ТЖ) қызметкері Мұрат Кенжеевтің қағаз бұйымына берілді.

Жаңа жылдық форматта безендірілген үздік кабинет атағы үшін 12 команда (ҚҚ, ӘШҚ, БЕД (ТМҚ бөлімі), ӨҚД (ҚОҚ), АЕО, ФҚҚ, ЖЭО-2 (АКС), ЖЭО-2 (есеп тобы), ЖЭО-2 (ӨТБ), АКБ, БӨҚжАЖЦ, ЖҚСЦ) жарысқа түсті.

Жұмыс бөлмесінде жаңа жылдық әдемі көрініс жасақтаған ӘШҚ  Шаруашылық қамту учаскесінің кабинеті бірінші орынды жеңіп алды. Өз жұмыс орындарын жаңа жылдық ертегі әлеміне айналдырып, әсем безендірген  Желілер және қосымша станциялар цехы мен Қауіпсіздік қызметі жүлделі II және III орындарды бөлісті. Ал онлайн-дауысқа түскен командалар арасында Басқарманың 201 ғимаратындағы Автокөлік басқармасының диспетчерлер кабинеті 27 пайыз дауыс жинап, «Көрермендердің көзайымы» атанды.

Байқау қатысушыларды жеңісімен құттықтаймыз!

                                                                                               Гүлбаршын Байназарова


IMG 7501

IMG 7505

IMG 7511