28.03.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Суреттер сөйлейді

Энергетиктер күніне орай өткізілген фотобайқау  «Менің жұмысшы отбасым» және «Энергетиктер әулеті» атты екі тақырыпқа арналды.

Конкурсты ұйымдастыру комитетіне «Менің жұмысшы отбасым» номинациясына қатысу үшін кәсіпорын бөлімшелерінен күнделікті жұмыс барысы және ондағы ұжымдастардың достық қарым-қатынастары мен жайлы көңіл күйлері көрініс тапқан  9 сурет келіп түсті.

52 жылдық тарихы бар біздің комбинатта ұзақ жылдар ұрпақтан ұрпақ жалғастырып, әулетімен еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер де баршылық. Өңіріміздің өсіп, өркендеуінің, экономикалық дамуының негізі болып табылатын маңызды кәсіпорынның қалыптасу, өркендеу жылдарымен бірге жасасып, еңбегін сіңірген, отбасымен мақтанышымызға айналған ұжымдастарымыз баршылық. «Энергетиктер әулеті» номинациясындағы фотосуреттер бір кәсіпорын қызметкерлерінің туыстық, отбасылық және   кәсіби байланыстарының сабақтастығын көрсетеді. Бұл байқауға  4 қатысушы өтінім берді.

Онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша «Менің жұмысшы отбасым» номинациясы бойынша «Көрермендер көзайымы» сыйлығы  Экономика департаментінің ұжымына бұйырды. Қауіпсіздік қызметі, Автокөлік басқармасы және Орталық диспетчерлік қызмет көшбасшылар үштігіне еніп I, II және III орындарды иеленді.

«Энергетиктер әулеті» номинациясында Қауіпсіздік департаментінің жұмысына қызметкерлердің де, қазылар алқасының да ең көп дауысы берілді. Осылайша олар 1 орынмен бірге «Көрермендер көзайымы» жүлдесін де жеңіп алды.

II және III орындарды Оқу орталығы мен кәсіпорынның орталық диспетчерлік қызметі өзара бөлісті.

                                                                  Гүлбаршын Байназарова

 

ДБ

Информационно-вычислительный центр

ИВЦ

ЗПДиПТВС

ЗПДиПТВСМануилиди Галина

Номинация «Династия энергетиков»

ДБ

Центральная диспетчерская служба

ЦДС

Учебный центр

УЦ