24.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Білім мен біліктілік жарысы  

Энергетиктер күніне арналған мерекелік алғашқы іс-шара кәсіпорындағы қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелерін білуге арналған викториналық жарыспен басталды.

Бұл сайыста қатысуға өтінім берген комбинаттың 5 бөлімшесі - Дистиллят дайындау және өндірістік жылумен және сумен жабдықтау зауыты, Қауіпсіздік департаменті, Қауіпсіздік қызметі, ЖЭО-1, Автокөлік басқармасы өзара бәсекеге түсіп, білім жарыстырды.

Төрешілер комиссиясы ҚР Еңбек кодексін, кәсіпорындағы форс-мажорлық жағдайлар кезіндегі қызметкерлердің мінез-құлқын және алғашқы медициналық көмек көрсету қағидаларын білуден басқа, қатысушылардың  өз ұрандарын жеткізу креативтілігі, команданың бірлігі мен корпоративтік рухын, жауаптардың толықтығы мен сауаттылығын бағалады. Жауаптарды дайындауға берілген  бес минут және жауапты баяндауға берілген   жеті минут уақыт лимитін сақтау талабы да ескерілді.

Алдыменен ортаға шыққан ДӨжӨЖСЖЗ бөлімшесінің «Водолей» және ЖЭО-1 бөлімшесінің  «75 МВт» командалары билеттің барлық үш сұрағына кідіріссіз жауап беріп, жоғары білім деңгейлерін көрсетті. Ал Қауіпсіздік департаментінің «Чуть-чуть под напряжением»  және  Қауіпсіздік қызметінің «Патриот» ұжымдары команда ұрандарын нағыз әскери жігермен жеткізді, жауаптары да дұрыс әрі нақты болды. Автокөлік басқармасының «Автомобилист» командасы өкінішке орай, термиялық күйік кезінде алғашқы медициналық көмектің қалай көрсетілетіндігі туралы толық жауап бере алмады.   

Төрешілердің бағалау нәтижелері бойынша 5,36 ұпаймен бірінші орынға ЗПДиПТВС командасы шықты. Сонымен қатар көшбасшылар үштігіне сәйкесінше 5,12 және 4,56 балл жинаған ЖЭО-1 және Қауіпсіздік қызметі кірді. Төртінші орынды және ынталандыру сыйлығын Қауіпсіздік департаментінің ұжымы жеңіп алды (4,46 балл).

Жалпы, қазылар алқасының пікірінше, энергокомбинат бөлімшелері кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды сақтау саласында үздік кәсіби даярлықты көрсетті.

                                                                                               Гүлбаршын Байназарова

                                                                                                                                                

 

IMG 6941

IMG 6952

IMG 6990

IMG 6955

IMG 6925

IMG 6946