26.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Энергетиктер күнімен!

Әріптестерді бейне-форматта құттықтау

Мерекелік байқаулар қатарындағы «Энергетиктер күнімен!» деп аталған бейнеқұттықтау жарысына 18 өтінім келіп түсті. Қатысушылардан тапқырлықты, ұтқырлықты, шығармашылықты талап еткен байқауға бар болғаны 1 минут уақыт берілген.

Конкурс талабы бойынша бейнебаянда жарық шамы, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС логотипі және ГОЭЛРО жоспарымен байланысты көріністер, «жасыл энергетиканы» білдіретін жасыл өсімдіктер, табиғи ресурстардың экологиялылығын және жаңартылуын білдіретін атрибуттар мен символдар көрсетілуі тиіс болды. Төрешілер ұсынылған бейнероликтерді осы талаптар деңгейінде және оларды кәсіпорынның бүгінгі өмірімен ұштастыра көрсету шеберлігіне қарай бағалады. Қатысушылардың жеңімпаз атануы тек Қазылар алқасының құзырында ғана болған жоқ, кәсіпорынның әр қызметкері өздеріне ұнаған ролик үшін онлайн режимде дауыс беріп, қатысушыларға көрермен көзайамы сыйлығын жеңіп алуға көмектесті.

Онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша «Көрермендер көзайымы» номинациясына Дистиллят дайындау және өндірістік жылу, сумен жабдықтау зауытының қызметкері Юлия Менченконың жұмысы лайық деп танылды. Автор бейнероликте кәсіпорынның қалыптасу тарихын құммен салынған суретпен яғни Sand animation арқылы жеткізген.

Байқаудың барлық критерийлері мен талаптары ескеріліп, III орын және 80 000 теңге сертификат ЖЭО-2 командасына берілді.

Сонымен қатар, қазылар алқасы да құм суретшісі Юлия Менченконың талантын бағалап, оған жүлделі II орын мен 90 000 теңге сертификатты табыстады.

Бұл біріншілікте ерекше құттықтауларымен, аз уақытқа көп мағына сыйғызу шеберліктерімен көзге түскен Әкімшілік-шаруашылық қызметінің командасы 1 орын мен 100 000 теңге сертификатты иеленіп, жеңімпаз атанды.