19.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Бұл мереке бұрынғыдан өзгерек

Комбинат басшылығы осы жылы Энергетика саласы қызметкерлерінің күнін мерекелеу дәстүрін жаңарту туралы шешім қабылдады.

Алдыменен кәсіпорынның әкімшілік-шаруашылық қызметінің жалпы мәселелері бойынша бөлім қызметкерлері «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жергілікті кәсіподағы» ҚБ-мен бірлесіп мерекелік іс-шаралар бағдарламасын дайындап, кәсіпорын  қызметкерлері қатысатын спорттық және шығармашылық жарыстарды өткізетін ұйымдастыру   комитетін құрды.  

Бағдарламаға түбек тұрғындары үшін барлық өмірлік ресурстарды өндіріп, күндіз-түні кідіріссіз еңбек ететін маңызды кәсіпорын мен оның қызметкерлерінің жұмысы үшін  басты қағида болып саналатын Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелерін білуге арналған викториналық жарыс, дартс сайысы, мерекеге үздік бейнеқұттықтаулар және фотосуреттер конкурсы енгізілді. Айта кету керек, бұл байқауды бағалауға конкурстық комиссиямен қатар ұжымның басқа да мүшелері мүмкіндік алды.

- Мереке аясында ұйымдастырылған барлық іс-шаралар – ұжымда ұйымшылдықты дамыту және бөлімшелер мен қызметтер арасындағы ішкі коммуникацияларды нығайту, қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау, қойылған міндеттерді шешуде креативті көзқарас, ұжым ішінде оң ахуал, корпоративтік рух  қалыптастыруға бағытталды. Бұл бастама қызметкерлер арасында үлкен қолдау тапқанын атап өткім келеді. Қатысуға өтінімдер көп болғандықтан, оларды қабылдау және шығармашылық жұмыстар үшін онлайн-дауыс беру мерзімдерін ұзартуға тура келді.  Осындай ауқымдағы және сипаттағы іс-шараларды біз кәсіпорында алғаш рет ұйымдастырдық, сондықтан оларды жүргізудегі қателіктерді біз байқаулар барысында реттейтін боламыз,- дейді Ұйымдастыру комитетінің мүшесі Диана Зуева.