22.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

28 қыркүйек - Атом саласы қызметкерлерінің күні

Ресми түрде бұл мейрам республика Президентінің 2008 жылғы 12 мамырдағы Жарлығымен бекітілген. Мерекенің заңнамалық деңгейде белгіленуі атом саласының ел экономикасының дамуына улкен улес қосып жатқандығын аңғартады.

Аталмыш мерекеге орай кәсіпорынның конференц-залында салтанатты іс-шара өтті, онда "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары-бас инженер Игорь Петрович Чернецкий атом саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, оларға зор денсаулық, қызметте табыс және жанұяда бақыт тіледі.

"Атом саласының еңбек сіңірген қызметкері" 1,2,3 дәрежелі Құрмет төсбелгісімен БН-350 РҚ электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр монтері Андрей Лапаев, РТжТДО  радиологиялық зертханасының жетекші инженер-технологы Ли Денис, БН-350 РҚ пайдалану және жөндеу бөлімінің жедел қызмет көрсету бөлімшесінің операторы Александр Пряничников, РТжТДО металды бақылау және техникалық диагностика зертханасының бұзбайтын бақылау тобының жетекшісі Дмитрий Юндин марапатталды."Атом саласының үздігі" (Отличник атомной отрасли) төсбелгісінің иегерлері атанғандар: өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің радиациялық және ядролық қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженері Константин Середнюк, БН-350 РҚ бөлімшесінің бастығы Сергей Зленко. ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасына  БН-350 РҚ слесарь-жөндеушісі Талғат Бекжумаев,  БН-350 РҚ бөлімшесінің бастығы Артур Ягудин, РТжТДО  инженер-зертханашысы Сергей Похилов, ал ҚР Энергетика министрлігінің Алғыс хатына  БӨҚжА бойынша БН-350 РҚ слесарі Александр Ильин, БН-350 РҚ радиациялық жағдайды бақылау жөніндегі дозиметристі Сергей Жакимбаев, РТжТДО сапа менеджменті жүйесі бойынша жетекші маманы Сандуғаш Наурызалиева ие болды.

                    Гүлбаршын Байназарова

 

Безымянный

Безымянный1

IMG 6547