22.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Праймериз 2020 – көшбасшыларды таңдау!

Елімізде үстіміздегі жылдың 17 тамызында басталған «Nur Otan» партиясының праймеризі аяқталуда. Осынау маңыздышараға көптеген қоғам белсенділері, ел жанашырлары қатысып, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынуда. Партия ішілік іріктеу, праймериз жеңімпаздарын таңдау 3 қазанға дейін жалғасады. Айта кету керек, праймеризге «МАЭК-Қазатомөнеркəсіп» ЖШС Бас директоры Кеңес Нұрмағамбетұлы Орақов жəне Басқарушы директор-Адам ресурстарын басқару жөніндегі директор Андрей Васильевич Могилин де қатысуда.

29 қыркүйекте кəсіпорын партия ұйымының бастауыш топтары төрағаларының отырысы өткізіліп, онда Бас директор Кеңес Орақов партия жəне ұжым мүшелерімен кездесіп өзінің сайлау алды бағдарламасымен таныстырды. Бағдарламада жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғын үй-комммуналдық шаруашылық мəселелерін шешу, ауыл шаруашылығын заманауи технологиямен қамту, экологиялық ахуалды жақсарту, тарифті төмендету мақсатында газ бағасын жеңілдету, су өндірісін ұлғайту жəне қуаттылығы 250 мВт Бу-газ қондырғысының құрылысын «МАЭК-Қазатомөнеркəсіп» ЖШС аумағында жүргізу мəселелері қамтылған. Ойға алып, алға қойылған мақсаттар жүзеге асқан жағдайда өңірдегі біраз түйткілді мəселелер шешімін тауып, тұрғындардың əлеуметтік жағдайларын жақсартуға септігін тигізетіні сөзсіз. Қазірде əлем елдері дүние жүзілік дағдарысқа алып келген пандемия салдарын жойып, ел экономикасын қайта көтеруге жұмылуда. Біздің елімізде де індеттен кейін қызметі шатқаяқтаған салаларды қайта қалпына келтіріп, халықтың тұрмыс жағдайын түзеу бағытындағы маңызды жобалар қолға алынуда.

Праймеризге қатысушы белсенділер өз бағдарламаларында ел тарихындағы қиын кезеңнен сəтті шығуға мүмкіндіктер беретін көптеген маңызды шараларды қамтып, жүзеге асыруды көздеген. Кəсіпорынның бастауыш партия ұйымының төрағасы, праймеризге қатысушы Андрей Васильевич Могилин де өз бағдарламасында облыс экономикасын қалпына келтіру, шағын жəне орта бизнестің жұмысын жандандыру, əлеуметтік жағдайды көтеру секілді маңызды мəселелерді қамтыған.

Кəсіпорынның праймеризге қатысушы басшыларынаалдағы сайлауда сəттілік пен жеңіс тілейміз. 

Гүлбаршын Байназарова

IMG 6617

IMG 6605

WhatsApp Image 2020 06 10 at 17.45.12