29.03.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Маңғыстау облысының үздік футболшысы

2019-2020 ж.ж. маусымының шағын футболдан Қазақстан чемпионатының үздік ойыншысы боп жанкүйерлердің шешімі бойынша "Каспий" шағын-футбол клубы командасының қақпашысы Ақжол Қайратұлы атанды. Спорт сүйер қауым  ұсынылған 5 үміткердің ішінен оған көп дауыс берді.

Өткен маусымда ол ең күрделі тәсілдерді қолдана отырып, өз командасын бірнеше рет алға шығарды. Айта кету керек,  танымал футболшы біздің кәсіпорынның Қауіпсіздік қызметі учаскесінің бастығы болып қызмет етеді. Сондай-ақ ол түрлі жарыстар мен спартакиадаларда  МАЭК құрамасында ойнап, комбинаттың намысын  қорғап жүрген спортшы.

Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз және спортта жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!

Айнұр Қобланова