22.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Тәуелсіздік мерекесі

 

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақ Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігі туралы» Заңды қабылдады. Одан бұрын 1990 жылғы 25 қазанда «Қазақстанның егемендігі» туралы Декларация қабылданған болатын. Республика атауы 1991 жылы 10 желтоқсанда Н. Назарбаев қол қойған «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы" Заңымен өзгертілді. Ал сол жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Президентінің алғашқы жалпыхалықтық сайлауы өтті. Биылғы жылы біз Тәуелсіздіктің 28 жылдығын атап өтеміз. Осы жылдар ішінде біздің еліміз егеменді даму жолында маңызды қадамдар жасап, елеулі табыстарға қол жеткізді. Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кірді. Экономикалық жетістіктердің арқасында халықтың әл-ауқатының нақты өсуін қамтамасыз етуге қол жеткізілді.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ұжымын және барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймыз! Ел игілігі жолындағы еңбегіңізге табыс, деніңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз!

                                                                                                         «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС

                                                                                                        баспасөз қызметі