26.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Тағы да алтын жүлде

 

Желтоқсан айының 15-16 жұлдызында Тәуелсіздік күніне орай әйелдер арасында волейболдан қалалық ашық турнир өтті. Ақтау қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген бұл шараның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, дене тәрбиесі мен спортты бұқаралық сипатта одан әрі дамыту, достық, ынтымақтастық байланыстарды нығайту және қала тұрғындарын спортпен шұғылдануға тарту болатын. Жарысқа қатысушы 8 команданың ішінде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің спортшылары да ойын көрсетті.  

Жарыс FIVB ережесі бойынша өткізіліп,  қатысушы командалар екі топқа бөлінді. Екі күнге ұласқан қызу додада кәсіпорынның волейболшы қыздары өздерінің мықты спорттық шеберліктерін  көрсетті. МАЭК  командасы ойынның алғашқы күні 2:1 есебімен финалға шығып,  келесі күні Каспий командасын да  2:0 есебімен жеңіп, жүлделі бірінші орынға ие болды. Күміс жүлде «Каспий» командасына бұйырда, ал қола жүлдені «Аршат» командасы өз қоржынына байлады.

Баспасөз қызметі