2019 жылдың 17 мамырында өткен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЛП» ҚБ ұжымының кезектен тыс конференциясының шешімі бойынша комбинат кәсіподағы 1 желтоқсанда атом энергетикасының салалық кәсіподағынан Қазақстан энергетиктерінің салалық кәсіподағына ауысты.
«Қазэнергокәсіподақ» электр энергиясын өндіретін және тарататын кәсіпорындардың қызметкерлерін, сондай-ақ бүкіл Қазақстан бойынша жылу мен су өндіретін қызметкерлерді біріктіреді. Оның құрамына 16 филиал, 20 мүшелік ұйым, 92 бастауыш кәсіподақ ұйымы, 40 257 кәсіподақ мүшелері кіреді.
«Қазақстан энергетиктерінің салалық кәсіподағы» ҚБ құрамына көшу бұл біздің ортақ мәселелерімізді Қазақстан Республикасының энергетика қызметкерлерімен бірігіп шешуге жасалған қадам.
Кәсіподақ төрағасы
Дмитрий Суханов