«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС кәсіподағы жұмысындағы маңызды басымдық әлеуметтік әділеттілік болып табылады. Жыл басынан бері жұмысшылардың қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбекшілердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша басты шаралар қабылданды.
Екінші тоқсанда Төралқа отырыстары және кәсіподақ комитеттерінің төрағаларымен бірнеше кездесулер өткізілді. Онда негізінен қоғамдық қызметтің жоспарлы бағыттары, материалдық және қайырымдылық көмек көрсету мәселелері, дәрі-дәрмектерге жұмсалған шығындарды өтеу тәсілін қайта қарау, қызметкерлер арасында коронавирустың таралуына жол бермеу үшін шектеу карантиндік шараларын сақтау қажеттілігі туралы кәсіподақ мүшелерінің ауызша және жазбаша өтініштері мен шағымдары қаралды.
Елдегі қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға және карантин режимін енгізуге байланысты біздің жоспарлы жұмыстарымызға біршама өзгерістер енгізілді. Мысалы, балалардың жазғы сауықтыру демалысы тоқтатылды. Пайдаланылмаған қаражат кәсіподақ мүшелеріне материалдық және қайырымдылық көмекке жұмсалды. Балаларды қорғау күніне орай балалар суретінің байқауы өткізіліп, кәсіпорын қызметкерлерінің балалары мен немерелері «Жеңістің 75 жылдығы», «Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы» және «Коронавирус – біз сені жеңеміз!» тақырыптарына суреттер салып ұсынды. Жеңімпаздарға киім және ойыншықтар сатып алуға сертификаттар табысталды.
Аз қамтылған отбасыларға, жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге, жалғыз басты аналарға көмек көрсетілді, оларға 200-ге жуық азық-түлік жиынтығы мен дезинфекциялау құралдары, маскалар мен қолғаптар үлестірілді. Екінші тоқсанда кәсіподақтың 350 мүшесіне көмек көрсетілді. Оның ішінде материалдық көмек - 274 адамға, бала тууына байланысты - 30 адамға, спортзалдарға-13 адамға, жерлеуге байланысты өтініштер бойынша-19 адамға қаржылай қолдау жасалды.
Комбинат әкімшілігімен бірлесіп, көлік жұмысын ұйымдастыру және №10 асхананың жұмысы бойынша мәселелер шешілді, комбинаттың еңбек ардагерлерін құттықтау шаралары ұйымдастырылды. Сонымен бірге, кәсіподақ комитетінің өкілдері келісу комиссиясының жұмысына қатысты. Қазірде Ұжымдық шарт жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, кәсіподақ жалпыхалықтық қайырымдылық акциясына қатысып, Түркістан облысы Мақтаарал ауданының техногендік апаттан зардап шеккен тұрғындарына да көмек көрсетті.
Кәсіподақ ұйым мүшелерінің қатарын сақтау және кәсіподаққа жаңа қызметкерлерді тарту жұмыстарын да үздіксіз жүргізуде. Қызметкерлерді кәсіподақ мүшелігіне тарту Автокөлік басқармасы (мүшелікке 13 адам қабылданып, 2 адам кеткен) мен Қауіпсіздік қызметінде (мүшелікке 8 адам қабылданған, кеткендер жоқ) жақсы жолға қойылған. Керісінше, ЖЭС - тен кеткендердің саны - 9 адам, ДӨжӨЖСЖЗ-нан 10 адам, ЖЭО-2 – ден 8 адам кәсіподақ мүшелігінен шыққан.
Жыл басынан бері кәсіподаққа 41 адам мүше болып қабылданып, 64-і қатардан кетті. Ал екінші тоқсанда комбинаттың 20 қызметкері кәсіподақ мүшелігіне өтіп, 21-і шығып кеткен. 2020 жылдың 1 шілдесіндегі есеп бойынша біздің ұйымда 1595 адам есепте тұрды. Кәсіподақ бұдан әрі де кәсіпорын қызметкерлерінің игілігі үшін еңбек етіп, олардың құқығы мен әлеуметтік жағдайларына қатысты мәселелерінің оң шешілуі үшін қажетті барлық шараларды қабылдайтын болады.
Ольга Шабунина
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп»
Жергілікті кәсіподағы ҚБ Төрайымы