23.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Ұлы Жеңіске 75 жыл!

            Биыл  9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толды.  Айтулы мерекені әлемді жайлаған індеттің салдарынан орталық алаңдарда кең көлемде атап өте алмадық.  Дегенмен, мереке ескерусіз қалған жоқ. Бұл күні еліміздегі барлық соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, арнайы марапаттар мен сыйлықтар берілді. Соғыс құрбандарын еске алу шаралары да жүзеге асырылды.  

           Осы маңызды мерекеге орай комбинат  кәсіподағының ұйымдастыруымен  бөлімшелерде қабырға газеттері шығарылды. Мереке қарсаңында бөлімшелер ғимараттарының көрнекті жерлерінен орын алған бұл газеттерде қызметкерлердің қан майданда Отан үшін кеуделерін оққа төсеген аталарының суреттері мен жалын шарпыған хаттары, олардың ерліктері жөнінде жариялаған газет қиындылары ілінген. Жас өмірін ұрпағының жарқын болашағы үшін пида еткен жауынгерлердің отты көздерінен олардың тек қана жеңіске ұмтылған нағыз батырлар болғанын көреміз. Бөлімше қызметкерлері айтулы мерекеге арналған газетті шығаруға белсене қатысып,  жеңімпаз ардагерлерге жүрекжарды алғыстарын өлеңмен де өрнектепті.

            Біз, бүгінгі ұрпақ, аталарымыздың қанымен, жанымен, ерлігімен  келген бейбітшіліктің одан әрі де баянды болуы үшін достық пен  татулықты ту етіп, ел ертеңі үшін  аянбай еңбек етеміз.  Отан үшін қан төккен соғыс құрбандарын әрқашан есте сақтап, бүгінгі жарқын да бақытты өмірімізді қастер тұтамыз. Ұжымдастар осындай жүрекжарды алғыстары мен тілектерін мерекелік қабырға газеттеріне салған суреттері мен жазбалар арқылы әдемі бейнелеген.

                                                                                                          Гүлбаршын Байназарова