26.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Мың тағзым сізге ардагер

           Күн өткен сайын Ұлы Отан соғысының тірі куәгерлері, қан майданнан аман оралған ардагерлердің де, балалық шағын жеңісті жақындатуға арнаған тыл ардагерлерінің де қатары сиреп келеді. Осыдан он шақты жыл бұрын комбинатта зейнеткерлікке шыққан 10-15 соғыс және тыл ардагерлері бар еді. Жеңіс күні мейрамханада бас қосып, кәсіпорынның өздеріне арнап жайған дастарханынан дәм татып, ортаға шығып би билеп, қосылып ән салып, көтеріңкі көңіл-күймен қайтушы еді үйлеріне. Олардың бірі комбинаттың еңбек ардагері Николай Алпатов  біраз жыл Ақтау қалалық ардагерлер кеңесін басқарды. Уақыт деген зымыран  ұстатпайды. Бүгінде сол қадірменді қарттар түгелге жуық өмірден өткен.

            Биыл Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында  кәсіпорынның Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры - Басқарушы директор  Андрей Могилин, Кәсіподақ төрайымы Ольга Шабунина және Кадр бөлімі бастығының орынбасары Татьяна Крутько кәсіпорында ұзақ жылдар еңбек еткен зейнеткерлер, тыл ардагерлері Владимир Тропин және Любовь Боброваға арнайы барып құттықтап, сый-сыяпаттарын табыстады.  Ардагерлеріміз ұжымдастарын көріп қуанып, мерекеде құттықтаған кәсіпорын басшыларына алғыстарын арнады.

Любовь Вячеславовна Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген нағыз маңғыстаулық. Соғыс басталғанда 9 жаста болған ол балықшы әкесіне көмектесіп, анасымен бірге майдандағы жауынгерлерге шұлық тоқып, қолынан келетін істің бәрін де атқарыпты. Көп жыл БН-350 РҚ бөлімшесінде лаборант қызметін атқарып, 1999 жылы зейнетке шықты. Ал Владимир Тропин  біздің кәсіпорынның қалыптасуына ерекше еңбегін сіңіріп, жасы тоқсанды алқымдағанша  қажетті маман ретінде қызмет еткен ақсақал. Осы жасқа дейін қатардан қалмай, комбинаттың ең маңызды бөлімшесінде жауапты жұмыстар атқарған ардагер Владимир Александрович шын мәнінде бақытты жан. 

            Иә, миллиондардың өмірін жалмап, тағдырын талқандаған сұм соғыстың қасіреті ешқашан ұмытылмақ емес. Кейінгі ұрпаққа бақытты, бейбіт өмір сыйлап, өз өмірін құрбан еткен ерлердің ерлігі де мәңгілік есте сақталады.

                                                                                                          Гүлбаршын Байназарова