05.09.2025 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

 

Құрылысшылар күні

 

     10-тамыз Құрылысшылар күні мерекесі қарсаңында кәсіпорынның Жөндеу-құрылыс цехының бір топ қызметкері лайықты марапатқа ие болды. «МАЭК» ЖШС бас директорының корпоративтік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ерқанат Ибадуллаев мамандарды мерекемен құттықтап,  кәсіби шеберлігі, адал қызметі үшін Алғыс хаттар табыстады. Марапатталғандар қатарында  тас қалаушы Шыйықбай Халамединов, сылақшы Хамит Отузов, шатыр жабушы Абай Фермебаев, тракторшы Алик Тахыров бар.

       Жөндеу-құрылыс цехының  қызметкерлері өндірістік нысандарды жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, комбинаттың тұрақты жұмысына зор үлес қосып келеді.

       Марапат иелері еңбегін бағалап, мерекемен құттықтап, құрмет көрсеткен басшыларға ризалығын жеткізді.