«МАЭК» ЖШС Бас директорының Өндірістік және БН-350 РҚ жөніндегі орынбасары лауазымына бұрын Пайдалану департаментінің директоры болып қызмет атқарған Ерболат Ибрагимов тағайындалды.
Ерболат Бердіханұлы – электр энергетикасы саласындағы жоғары білімі бар кәсіби маман. Ол еңбек жолын комбинаттың ЖЭО-2 бөлімшесіндегі Қазандық-турбиналық цехта 4-разрядты аккумуляторшы ретінде бастап, Пайдалану департаментінің директоры қызметіне дейін көтерілді.
Бас директор Кеңес Орақов оның жаңа қызметінде кәсіпорынды дамытуға зор үлес қосатынына сенім білдіріп, өндіріс жұмысына қатысты бірқатар маңызды міндеттер жүктеді.
Өз кезегінде Ерболат Ибрагимов басшылыққа көрсетілген сенім үшін алғыс айтып, өзінің білімін мен тәжірибесін кәсіпорынның өркендеуі мен жаңғыруына арнайтынын атап өтті.
Пайдалану департаментінің жаңа жетекшісі ретінде бұған дейін директордың орынбасары болған Владимир Васильев тағайындалды.