«МАЭК» ЖШС Бас директорының өндіріс және БН-350 РҚ жөніндегі орынбасары Чернецкий Игорь Петрович (09.09.1965 – 23.07.2025) өмірден өтті.
Ол өзінің кәсіби өмірін аймақтың энергетика саласын дамытуға арнаған тұлға. Машинист-шолушыдан ірі кәсіпорынның басшысы лауазымына дейін көтерілген абыройлы азамат. Ол әріптестерінің жүрегінде өз ісіне адалдықтың, табандылық пен парасаттылықтың жарқын үлгісі ретінде сақталады.
Ол МАЭК тарихына және оның өсіп, өркендеуіне үлес қосып, еңбегін сіңірген ардагер ретінде онымен қызметтес болған әріптестерінің жүрегінде өшпес із қалдырды.
«МАЭК» ЖШС ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.