05.09.2025 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

 

Маңызды саланың майталмандары

17 мамыр – Байланыс қызметкерлерінің күні

                           

     Жыл сайын 17 мамыр - Байланыс қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бұл - сенімді әрі үздіксіз коммуникацияны қамтамасыз етіп қана қоймай, адамдар арасындағы байланыстарды да нығайтатын мамандардың кәсіби мерекесі. Мерекеге орай сіздерді кәсіпорынның Технологиялар және байланыс қызметінде еңбек ететін нағыз шеберлер - Александр Маманков және Жанболат Елеуовпен таныстырамыз. 

      Александр Маманков

     Александр Иванович Маманков Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы колледжді «Электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша тәмамдаған соң  аз уақыт мектепте информатика пәнінен сабақ берді. Кейін ол өз білімін жетілдіріп,  Ақтау мемлекеттік университетінде «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша білім алды. Ал  комбинаттағы еңбек жолын 2006 жылы байланыс электромонтері қызметінен бастады. Алғашында жұмысты 4-разрядпен бастаған  Александр бірте-бірте мамандыққа төселіп, тәжірибе жинай жүріп,  6-разрядқа дейін көтерілді, одан соң учаске мастері болды, ал 2023 жылы Жедел-диспетчерлік байланыс тобының жетекшісі қызметіне тағайындалды.

     Оның басшылығымен жұмыс істейтін топта тиісті еңбек тәртібі, жүйелі, мақсатты жұмыс ырғағы қалыптасқан. Александр қызметкерлерді ортақ іске жұмылдыра білетін, сенімді әрі қарамағындағы қызметкерлердің еңбегін әділ бағалайтын басшы. Әріптестері де оны жоғары кәсіби білімділігі, біліктілігі мен жауапкершілігі үшін құрмет тұтады.

     «Балалық шағымнан техникаға қызығатынмын - бәрін ашып, шашып, қалай жұмыс істейтінін түсінгім келетін. Қазір сол қызығушылығымды өмірлік мамандығыма айналдырғаныма қуанамын. 20 жылға жуық осы салада  адал қызмет етіп келемін», — дейді Александр.

     Кәсіпорын тарапынан Александр «МАЭК-тің құрылғанына 50 жыл» мерейтойлық белгісімен, Бас директордың атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталған.

     Жанболат Елеуов

    Елеуов Жанболат Еркеғұлұлы комбинаттағы еңбек жолын 2007 жылы 2-разрядты байланыс электромонтері ретінде бастады. Жиырма жылға уақыт ішінде ол кәсіби өсу жолының барлық сатыларынан өтіп, бүгінде 6-разрядты маманға айналды.

     «Мен біреуге пайдалы бола алсам, алғыс естісем - сол маған үлкен шабыт береді. Бұл кез келген марапаттан да құнды», — дейді Жанболат.

    Ол - көпбалалы әке. Жанұясына да, жұмысына да үлкен жауапкершілікпен қарайды. «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей, ол автокөліктің қыр-сырын жақсы меңгерген маман. Сондықтан, жұмыстан тыс уақытта көлік жөндеумен де айналысады. Ал комбинатта - өз ісіне адал, көмек қолын созуға әрдайым дайын, өз міндеттерін абыроймен атқарып жүрген мақтаулы маман. Әріптестері арасында беделді және сыйлы азамат.

     Александр мен Жанболат сынды мамандардың арқасында комбинаттағы байланыс құралдары мінсіз жұмыс істейді, өндіріс жұмысында да кідіріс жоқ.