05.09.2025 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

 

20 мамыр -Дүниежүзілік метрология күні

 

      Жыл сайын 20 мамырда бүкіл әлемде Дүниежүзілік метрология күні - қызметтің түрлі салаларындағы өлшемдер дәлдіктерін және олардың нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ететін, яғни өлшемдер туралы ғылым мамандарының кәсіби мерекесі атап өтіледі.

    МАЭК-те метрологиялық қызмет табысты жұмыс істейді, оның негізгі міндеті кәсіпорындағы тиісті өлшем бірліктерін қамтамасыз ету, метрологиялық ережелер мен нормаларды сақтау, сондай-ақ сынақтар мен өлшемдердің сенімді нәтижелерін алу болып табылады. 2023 жылдан бастап Метрологиялық қызметке білікті мамандардың бірі Яралиева Елена Александровна басшылық етуде.

      Қызмет құрамына «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК аккредиттелген өлшеу құралдарын тексеру және калибрлеу құқығына ие зертханалар кіреді. Бүгінгі таңда зертхана қолданыстағы 18 өлшем түрінің 13 бойынша  аккредиттелген, бұл қолданыстағы заңнама мен нормативтік құжаттардың талаптары шеңберінде метрологиялық жұмыстардың кең спектрін орындауға мүмкіндік береді.

    Өлшеу құралдарын тексеру олардың метрологиялық сипаттамаларының белгіленген талаптарға сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Барлық жұмыстарды қажетті даярлықтан өткен және жоғары кәсіби құзыреттілікке ие аттестатталған салыстырып тексерушілер жүзеге асырады. Метрологиялық қызметте Амаля Проскурина, Дмитрий Галичев, Людмила Маркина, Ласкер Кондыбаев, Асхат Төлеуов, Константин Мостова сияқты жоғары білікті мамандар еңбек етеді. Ал Жалғас Гузаир, Маткерім Салдыр, Иса Баймұханов, Қамбар Шодан, Толғанай Бургенбай, Ольга Бекетова сияқты жастар метрологиялық қызметтің болашағы мен үміті деуге болады.

     Тексеруді және калибрлеуді орындау үшін зертханада электр энергиясының есептегіштерін, рН-метр мен иономерлерді, кондуктометрлерді, электр өлшеу аспаптарын, қысым мен температура датчиктерін тексеруге арналған дәлдігі жоғары қондырғыларды қоса алғанда, 360-тан астам ЭТАЛОН пайдаланылады.

     Метрологиялық қызмет Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы жөндеу учаскесімен өзара белсенді қызмет жасайды, бұл жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жұмысқа жарамдылығын қалпына келтіру міндеттерін жедел және сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.

    Метрологиялық қызмет мамандары кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінде қолданылатын барлық өлшеу құралдарының 95%-ын тексеруден өткізеді . Орташа алғанда, жыл сайын шамамен 14 мың өлшеу құралдары тексеріледі, шамамен 300 бірлік калибрлеуден өтіп, сондай-ақ 60 бірлік сынақ жабдықтары аттестатталады.

     Сонымен қатар, қызмет мамандары комбинаттың барлық құрылымдық бөлімшелерінде метрологиялық бақылауды жүзеге асырады, химиялық зертханаларда өлшеулердің жай-күйін бағалайды, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың сақталуын тексереді.

       Дәл және сенімді өлшеулер технологиялық процестерді тиімді бақылаудың негізі, энергия ресурстарын дұрыс есепке алу және шығарылатын өнімнің жоғары сапасының кепілі болып табылады.

      Метрологиялық қызметтің барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз және жоғары жауапкершілік пен кәсіпорынның сенімді жұмысына қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз!