Комбинатта «МАЭК» ЖШС-де анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды қарау мәселесі бойынша құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен кеңес болып өтті.
Іс-шара ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту жұмыстары аясында өткізілді.
Кездесу барысында «МАЭК» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама нормаларын сақтау, сондай-ақ сатып алуды ашық, жария түрде өткізіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу және мүдделер қақтығысын болғызбау қажеттілігіне баса назар аударды. Кеңеске қатысушылар кәсіпорынның ресми сайтында «МАЭК» ЖШС-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметке қатысты барлық стандарттар мен нұсқаулықтар бар екендігі туралы хабардар етілді.
Сонымен қатар, веб-сайттың «Комплаенс» бетшесінде комбинат қызметкерлерінің 64-266 жедел желісі немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.. электрондық поштасы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке жүгіну мүмкіндігі бар екендігі туралы ақпарат орналастырылған.
Шағыммен жүгінгендерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес құпиялылыққа және қудалаудан қорғауға кепілдік беріледі.