7 сәуірде «МАЭК» ЖШС-нің ірі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша жоспарлы тренингтер басталды. Бұл шара қызметкерлерге төтенше жағдайлар кезінде қалай дұрыс әрекет ету керектігін үйрету мақсатында кәсіпорынның медицина қызметінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Фельдшерлер тыныс алу мен қан айналымы тоқтаған жағдайда, қан кету, күйік пен жарақаттар кезінде көмек көрсету алгоритмдерін теориялық және практикалық тұрғыда түсіндіреді. Қатысушылар тек ақпарат алып қана қоймай, манекеннің көмегімен тәжірибелік дағдыларын жетілдіруде.
Оқыту кезең-кезеңімен жүргізіліп, барлық ауысымдар мен бөлімшелер толық қамтылғанға дейін жалғасатын болады.