Сенбі, 12 сәуір күні комбинат бөлімшелері арасында Counter-Strike 2 компьютерлік ойынынан жарыс өтті. Турнирге 5 ойыншыдан құралған 10 команда қатысты. МАЭК Спартакиадасы аясында өткізілген бұл жарыс стратегия, шапшаңдық пен командалық жұмыстың маңызы тек өндірісте ғана емес, виртуалды әлемде де жоғары екенін көрсетті.
Турнир нәтижесі:
Бірінші орын - ТжБҚ
Екінші орын - ЖЭО-2
Үшінші орын - ЖЭС
Қатысушылар турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ойынның өте қызықты әрі әсерлі болғанын жеткізді. Олар «МАЭК» ЖШС басшылығына және жергілікті кәсіподақ төрағасына алғыс білдірді.
Жергілікті кәсіподақ ұйымы жеңімпаздарды арнаулы Грамоталар және ақшалай сыйлықтармен марапаттады. Кәсіпорын спартакиадасы кезекті ойындарының жеңімпаздарын құттықтаймыз!