08.05.2025 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

 

Тиіндер үйі: табиғатпен үндесіп

 

     Қазақстан Республикасы Президенті жариялаған «Таза Қазақстан» акциясын қолдау және  экологиялық бастамасын жүзеге асыру шаралары аясында «МАЭК» ЖШС-нің  ЖЭО-2  алдындағы аумақта «Тиіндер үйі» жобасы жүзеге асырылды.

       Атаулы жоба:

       - кәсіпорын аумағының көрнекілігін, экологиялық ортаны жақсарту;

       - табиғи тепе-теңдікті сақтау;

       - қызметкерлер үшін жайлы орта қалыптастыру;

       - корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту мақсатында қолға алынды.

    МАЭК қызметкерлері күшімен арнайы жабдықталған вольер қоршауда бүгінде Алматыдан жеткізілген бес телеут тиіні бар. Алдағы уақытта оларды қоршаған ортаға бейімдеу үшін кәсіпорынның табиғи аймағына шығару жоспарлануда.

   Қоршаудың ішінде тиіндер үшін құрғақ қарағаштан жасалған  жолдар жасақталған. Сондай-ақ, «үй тұрғындары» туралы ақпарат тақтайшасы орнатылған.  Жануарлардың рационына жемістер, жаңғақтар мен ұсақ жәндіктер кіреді және кәсіпорын аумағының қолайлы экожүйесі арқасында тиіндер айтарлықтай шығындарды қажет етпейді.

       Телеут тиіндер Маңғыстау климатына оңай бейімделеді: ыстық мезгілде олардың жүні азаяды. Жалпы бұл жануарлар қалалардың көгалдар аумағында өмір сүруге де бейім. ЖЭО-2 аумағында 3500-ге жуық жасыл желек өседі, оның ішінде ағаштардың 10 түрі, 209 туя мен 51 қарағай, сондай-ақ бұталардың 12 түрі бар. Бұл, өз кезегінде комбинат аумағындағы қолайлы және тұрақты экожүйені қалыптастырады. Тиіндердің тұрағы мен күтімі нормативтік талаптарға сәйкес жасалған. Олар қауіп төндіретін басқа жануарлардан  да сенімді қорғалған.

       Қазірдің өзінде тиіндер үйі MAЭК қызметкерлері мен қонақтарының  қызығушылығы мен жағымды эмоциялары объектісіне айналды.