24 сәуір күні Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Ақтау қаласы әкімдігінің «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Qazaqsha Quiz» зияткерлік ойыны өтті. Бұл турнирге Маңғыстау облысындағы бірқатар мекеме мен кәсіпорындардың мамандары қатысты. Олардың қатарында Төтенше жағдайлар департаменті, Еңбек мобильдігі орталығы, «ҚазАзот» АҚ, Ақтау электр желілер басқармасы және «МАЭК» ЖШС командалары болды.
Ойын барысында «МАЭК» ЖШС атынан барған бір топ жас мамандардың білім деңгейлерінің жоғары екендігі байқалды. Команда құрамында:
- Нұрсұлтан Тұрбергенов - ультрадыбыстық бақылау бойынша дефектоскопист (РТжТДО),
- Мария Мұрсалы — спектрлік талдау зертханашысы (РТжТДО),
- Сая Ерсайын — қоғаммен байланыс маманы (ҚжБАҚБҚ),
- Мейірбек Сатов — турбиналық жабдықтар бойынша инженер-технолог (ЖЭО-2),
- Мирас Ауғумбаев — слесарь-жөндеуші (ДӨжӨЖСЖЗ).
Қатысушылар өздерінің қазақ тілін терең меңгеру деңгейі мен мақал-мәтелдер білігін, логикасын және командалық жұмысқа бейімділігін сынады. Бірлескен тұжырым мен биік білім дәрежесінің және тапқырлықтың арқасында МАЭК жастары барлық кезеңдерден сенімді өтіп, бір ұпай айырмашылығымен АЭЖБ командасына жол беріп, жүлделі екінші орынды иеленді. Үшінші орын Маңғыстау облысының Еңбек мобильдігі орталығына бұйырды.
Жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!