24.04.2025 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

 

Спартакиада МАЭК-2025: Үстел теннисі

 

      23 сәуірде МАЭК cпартакиадасы аясында кәсіпорын бөлімшелері арасында үстел теннисінен турнир болып өтті. Биылғы жарыстың ерекшелігі сол, матч жақында пайдалануға берілген жаңа «BS Arena» спорт кешенінде өткізілді және ойынға алғаш рет «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жергілікті кәсіподағының командасы қатысты.

     Жүлделі орындар үшін әрқайсысы 3 ойыншыдан (2 ер адам, 1 әйел) құралған 6 топ - Жөндеу зауыты, ЖЭО-1, Қауіпсіздік қызметі, Желілер мен қосалқы станциялар цехы (ЖҚСЦ), ЖЭС және Жергілікті кәсіподақ командалары өз шеберліктерін сынға салды.  

     Қызықты әрі тартысты өткен ойын нәтижесінде бірінші орынды Қауіпсіздік қызметінің командасы жеңіп алды. Екінші орынды – ЖҚСЦ, ал үшінші орынды ЖЭС командасы иеленді. Жеңімпаздар кубокпен, мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

       Кәсіпорын спартакиадасы жалғасуда, алда бізді әлі де бәсекелі жарыстар мен жарқын сәттер күтіп тұр!