«МАЭК» ЖШС Спартакиадасы аясында комбинат бөлімшелерінің қызметкерлері арасында Дартс ойынынан жарыс өтті. Турнирге алты команда қатысты: ЖЭС (2 команда), Жөндеу зауыты, Желілер және қосалқы станциялар цехы, Қауіпсіздік қызметі және Қауіпсіздік департаменті.
Дартстағы тартыс шиеленісті әрі қызықты өтіп, ойыншылар әр ұпай үшін бәсекеге түсті. Нәтижесінде, 183 ұпай жинаған Қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері чемпион атанды. Бұл олардың алғашқы жеңісі емес, департамент бұған дейін де бірнеше жыл қатарынан осы ойында көшбасшылықты сақтап келеді.
Қауіпсіздік қызметі жеңімпаздарға бірнеше ұпай есе жіберіп, 181 ұпаймен екінші орынға ие болды. ҚҚ қызметкерлері көшбасшыларға лайықты бәсекелестік жасай алатынын дәлелдеді және командалық бірлік пен жоғары шеберлікті көрсетті.
Үшінші орын Жөндеу зауытының қызметкерлеріне бұйырды, олар жарысты 175 ұпаймен аяқтады. ЖЭС-тің екі командасы сәйкесінше 171 және 166 ұпай жинап, жүлдегерлер қатарына кірген жоқ. Алайда, бұған қарамастан, олар соңғы соққыға дейін берілмей күресіп, төзімділік танытты. Ал, ЖҚСЦ командасы жинаған 167 ұпай оларға турнирде бесінші орынды қамтамасыз етті.
Осылайша, жеңімпаздар Кубогы биыл тағы да Қауіпсіздік департаментіне бұйырды. Ойын барысында жарысқа қатысқан командалар ойыншылары өзара бәсекелестікке қарамастан спорттық рух пен бір-біріне құрметті.
Дартс ойыны жеңімпаздарын жеңісімен құттықтап, қатысушылардың алдағы жарыстарына табыс тілейміз!