21-22 қараша аралығында Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен "Қыс-2024" азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезең жағдайындағы іс-қимылдарға дайындауға бағытталған республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтуде. Оқу-жаттығу тақырыбы: Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою.
Оқу-жаттығу сценарийі бойынша "МАЭК" ЖШС ЖЭО-1-де төтенше жағдай орын алып, онда технологиялық процестің бұзылуына байланысты №1 қазандықта жарылыс орын алды, нәтижесінде кәсіпорынның 20-ға жуық қызметкері үйінді астында қалды. Оқиғаға байланысты облыстағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға көзделген күштер мен құралдар дереу қолданысқа енгізілді.
Оқиға орнына мамандандырылған техника мен "МАЭК" ЖШС МӨҚҚ жеке құрамының 12 адамы жедел келіп жетті. Сонымен қатар, оқиға орнына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайдар департаментінің күштері де келіп жетті (жеке құрамның 35 адамы, 8 бірлік техника). Жаттығудың барлық қатысушылары қысқа мерзімде зардап шеккендерді құтқару және авариялық зардаптарды жою бойынша жұмысты бастады.
Оқу-жаттығу нәтижесінде оқиға зардаптарын жоюға тартылған барлық қызметтердің үйлесімділігі мен дайындығының жоғары дәрежеде екенін көрсетті. Құтқарушылар, дәрігерлер және басқа да мамандар зардап шеккендерді эвакуациялауды жедел қамтамасыз ете отырып, жоспарға сәйкес әрекет етті. Оқиғаға қатысты тапсырмаларды орындау барысында әртүрлі құрылымдар арасындағы және "Қыс-2024" РКШО барлық қатысушыларының өзара тиімді іс-қимылы көрініс тапты.