Ақтау қаласында қазан айында басталған волейболдан ерлер Лигасы одан әрі жалғасуда. Лигаға облыстың ең мықты 10 командасы қатысып, бақтарын сынауда. Олардың қатарында біздің кәсіпорын волейболшылары да бар. Айта кету керек, МАЭК командасы атаулы Лиганың соңғы екі жылының кубогын иеленген жеңімпаз команда.
Биылғы жарыста да маэктіктер алдына жан салмай, өткізген төрт ойында да қарсыластарынан басым түсті. Ақпанға дейін созылатын жарыста олар әлі бес командамен кездесетін болады.
Біз салауатты өмір салтын ұстанып, еңбек пен спортты қатар алып жүрген әріптестерімізді мақтан тұтамыз және олардың алдағы ойындарына жеңіс тілейміз.