"МАЭК" ЖШС спартакиадасы аясында өткізілген баскетбол жарысының ақтық ойыны шиеленісті әрі қызықты аяқталды.
Биыл бірнеше жылдан кейін ойыншылар қатарына қайта қосылған Жөндеу зауытының командасы финалда ЖЭС командасын 39:20 есебімен ұтып, чемпион атанды.
Бірнеше жылдар бойы сөзсіз көшбасшы болып келген Қауіпсіздік қызметінің командасы бұл жолы жүлделі 2-орынды, ал жарыс барысында белсенді ойынымен танылған ЖЭС командасы тиісінше 3-орынды иеленді.
Жарыс аясында алғаш рет үш ұпайлық доп лақтыру байқауы өтті, онда әр командадан бір спортшы шығып, үздік атану үшін жарысқа түсті.
Доп лақтыруда керемет дәлдік пен сенімділік танытқан ЖЗ қызметкері Валид Сұлтанов лайықты жеңіске жетті.
Барлық қатысушыларды спорттық рухы, жеңіс үшін күресі, командалық бірлігі үшін және жүлделерімен құттықтаймыз!