26.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: Автокөлік басқармасының ұжымымен кездесу

 

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру және оқытуды  өткізу іс-шаралары  аясында 21 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет Автокөлік басқармасы ұжымымен кездесуі өтті.

      Мұндай іс-шаралар Серіктестік қызметкерлеріне кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты жеткізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту мақсатында кәсіпорынның барлық бөлімшелерінде өткізіледі.

      Өткен кездесуде Басқарма қызметкерлеріне кәсіпорында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметті құруға себеп болған алғышарттар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің мақсаттары мен міндеттері туралы ақпараттар жеткізілді. Бақылау кеңесіне тікелей бағынатын кәсіпорында жеке дербес бөлімше құрудың мақсаты сыбайлас жемқорлыққа абсолютті төзбеушілік саясатын іске асыру, сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша төмендету бойынша тиімді шаралар әзірлеу, Қазақстан Республикасының кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасы саласындағы нормалардың сақталуын бақылау болып табылады.

      Сондай-ақ, бөлімше қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама шеңберінде өздерінің құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, кәсіпорынның кез келген қызметкеріне сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың көріну фактілерін жеткізу мүмкіндігі жасалғаны туралы ақпарат берілді. Кәсіпорын қызметкерлері жедел желі (сенім телефоны) 64-266 нөмірі бойынша, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. поштасы арқылы немесе тікелей сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке жүгіне алады.

     Сондай-ақ, қызметкерлердің өтінішіне ыңғайлы болу және ақпараттандыруды арттыру үшін  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс парағының QR-кодын әзірлеп, таратты. Ол арқылы әр адам қызметке жүгіне алады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қажетті ақпаратпен танысады.

     Кездесуде атап өтілгендей: «Келіп түскен әрбір шағымды комплаенс-қызметі өңдейді және құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу бойынша тиісті іс-шаралар өткізіледі». Шағыммен жүгінген қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде құпиялылыққа және қудалаудан қорғауға кепілдік беріледі.