20.09.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Өртке қарсы жаттығу

      Комбинат басқармасының 201 ғимаратында өртке қарсы оқу жаттығуы өткізілді. 

     Жаттығу  сценарийі бойынша өрт туындауына байланысты ескерту сигналы іске қосылды. Дабыл жүйесі арқылы оқыстан шыққан сигналдың қатты даусы қызметкерлерге нақты қауіп төнгендей әсер қалдырды. Комбинат қызметкерлері дереу жұмысын тоқтатып, электр аспаптарын, басқа да қолданылатын техникаларды тоқтан ажыратып, шұғыл түрде негізгі және қосалқы эвакуация жолдары арқылы далаға шықты. Жауапты мамандар арнайы жиналу алаңына келген қызметкерлерді түгендеп, одан әрі жасалатын іс-әрекеттер туралы әңгімеледі.

     Жаттығуда жоспарланған шартты өрт,  ғимараттың жертөлесіндегі тоқ желілері жинақталған қалқан ішінде электр кабельдерінің қызып кетуінен орын алған. Өрт ошағын байқаған қызметкерлер бұл туралы дереу өртке қарсы қызметке хабарлап, кәсіпорынның мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшесінің мамандары келіп жеткенше оны қолда бар құралдармен сөндіруге кірісті.

     Оқу-жаттығуға  2 арнайы техника,  газ-түтіннен қорғау қызметінің 2 звеносы жұмылдырылды. Жаттығу барысында ғимараттағы адамдарды эвакуациялау шарасы ұйымдасқан түрде өткізілді және қызметкерлер өрт болған жағдайда қауіпсіз жерге шығатын маршруттарды, сондай-ақ, жедел жүзеге асырылуға тиіс басқа да іс-қимылдарды жақсы  білетіндіктерін көрсетті.