20.09.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Университет оқытушылары МАЭКте

 

    «МАЭК» ЖШС Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстанның  жоғары техникалық оқу орындарының профессор-оқытушыларынан құралған делегацияны қабылдады. Бұл сапар Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамы ұйымдастырған энергетика және энергия өндіру технологиялары саласындағы білімді тереңдетуге бағытталған төрт күндік тренинг аясында ұйымдастырылған.

    Комбинатта өткен кездесу тренингке қатысушыларға  өңірді энергия ресурстарының барлық түрлерімен қамтамасыз етіп тұрған ерекше кәсіпорынның өндірістік процесі туралы түсінік алуға үлкен мүмкіндік берді. МАЭК  музейінде қонақтар комбинаттың даму және қалыптасу тарихымен танысты. Қатысушылар кәсіпорынның тарихымен және оның жетістіктерімен танысу, олардың энергетикалық технологияларды дамыту және қолданысқа  енгізу туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал еткенін атап өтті.

       Шара соңында тренингке қатысушылар өңірдегі маңызды кәсіпорынның қызметімен танысуға мүмкіндік бергені үшін «МАЭК» ЖШС басшылығына алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, олар мұнда танысқан пайдалы ақпараттар өздері қызмет ететін  университеттердегі студенттерді оқыту барысында қолдануға тиімді  болатынын атап өтті.