26.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Кездесу тақырыбы – АЭС құрылысы

 

            Бүгін Маңғыстау облысындағы АЭС құрылысын қолдау жөніндегі Халықтық штабтың мүшелері «МАЭК» ЖШС ұжымымен кездесті. Штаб құрамындағы саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен қоғам белсенділері Атом электр станциясын салудың маңызы мен тиімділігі туралы әңгімелеп, көпшілікті 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумға белсенді қатысуға шақырды. 

            «Ғалымдар энергия өндірудің барлық тәсілдерін зерттей келе, бүгінгі күні тек АЭС салу арқылы сенімді энергетикалық тәуелсіздікке  қол жеткізуге болады деген тоқтамға келіп отыр. Осыдан 50 жыл бұрын іске қосылып жұмыс істеген БН-350 реакторлық қондырғысы қолданыста болған жиырма бес жыл ішінде бірде-бір  апатсыз жұмыс істеді. Ал қазіргі заманғы атом электр станциялары ең озық реактор технологиялары қолданылып, халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес салынуда. Сонымен қатар, АЭС еліміздің жан-жақты дамуы мен өсіп өркендеуіне мүмкіндік беретін аса тиімді қуат көзі болар еді,- деді Халықтық штаб мүшесі, БН-350 РҚ директоры Марат Молдағұлов.    

            Кездесуге қатысқан кәсіпорын қызметкерлері АЭС салу жөніндегі өз пікірлерін ортаға салып, мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарды қойды.

            Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жасаған Жолдауында: «Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек»,- деген болатын.