Жұмыс орнында қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау және жарақаттанудың алдын алу өндірістік процестің ажырамас бөлігі болып табылады.
Кәсіпорында бөлімшелердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға жауапты қызметкерлері қатысқан семинар болып өтті. Семинар тақырыбы өндірісте жазатайым оқиға орын алған жағдайдағы қызметкерлердің іс-әрекеттері, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және болған оқиға бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу тақырыптарына арналды.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау профилактикасы қызметінің өкілдері қатысушыларға кәсіпорын қызметкерлерінің жазатайым оқиға кезіндегі бірінші кезектегі іс-әрекеттері туралы айтып, жұмыс беруші мен қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттерін түсіндірді.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 181-бабы 2-тарауы 2-тармақшасында Қызметкер жұмыс берушіге немесе жұмысты ұйымдастырушыға жұмыскерлердің әрбір өндірістік жарақаты және денсаулығының өзге де зақымдануы, кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы дереу хабарлауға міндетті екендігі айтылған. Ал, 182-бап 2-тармағының 10-тармақшасында Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етуге міндетті делінген.
Сондай-ақ, ЕҚжЕҚ қызметкерлері кәсіпорын әкімшілігінің жазатайым оқиға кезіндегі іс-қимыл алгоритмі схемасымен таныстырды. Ол сондай-ақ еңбек заңнамасын бұзғаны үшін Кодекстің 14-бабына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделгенін атап өтті.
Бұдан әрі Медицина қызметінің өкілдері зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету негіздері (жарақаттар, күйіктер, жүректің тоқтауы және қан кету кезінде) таныстырып, тренажер-манекенде адамды реанимациялау кезінде қандай манипуляциялар жүргізу қажеттігін көрсетті.
Семинарға қатысушылар қызметкерлердің алғашқы медициналық көмек көрсетудегі кәсіби білімі мен дағдыларын арттыру үшін осындай семинарларды жүйелі түрде өткізіп тұруды ұсынды.