2 шілдеде Астанада өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында "МАЭК" ЖШС мен Huadian Kazakhstan Energy компаниясы арасында "Жаңа бу-газ қондырғысының құрылысы" жобасын жүзеге асыру үшін бірлескен кәсіпорын шартына қол қойылды.
Жобаны іске қосу батыс өңірінің электр энергиясына қажеттілігін жабуға, сондай-ақ "МАЭК" ЖШС жабдықтарын жоспарлы жөндеу жұмыстарына кедергісіз шығару үшін қуаттар резервін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаны басқаруды екі тарап бірлесіп жүзеге асыратын болады. Инвестициялық келісім аяқталған соң бұл станция толығымен "МАЭК"ЖШС иелігіне өтетін болады.
Станцияның пайдаланылуға берілетін мерзімі 2026 жылдың желтоқсан айына жоспарлануда.