Жаз айының алғашқы күндерінде «МАЭК» ЖШС ЖЭО-1-де №4 қазандық агрегатын күрделі жөндеу және №4 турбогенераторда көлемді жөндеу жұмыстары басталды.
Қазіргі уақытта қазандықтың экрандық құбырларының жағдайын анықтау үшін оларды кесу жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар ауаның оттықтарға (горелкаға) толық өтуін және жылытылуын қамтамасыз ету үшін қазандықтың ауа жылытқышын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Ал металлдың жағдайын бақылау үшін қазандық барабанының жылу оқшаулағыштарын арнайы мамандандырылған ұйым бөлшектеді.
Барлық күрделі жөндеу жұмыстары «МАЭК» ЖШС Жөндеу зауытының күшімен жүргізілуде.