23.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Семинар тақырыбы - кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«МАЭК» ЖШС-де жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар нәтижелерінің ашықтығын қамтамасыз етіп,  таныстыру мақсатында кәсіпорынның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі кәсіпорынның  бөлімшелері және департаменттер ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы (комплаенс-офицер) Болат Баймұратұлы қатысушыларды қызметтің негізгі мақсаттарымен, міндеттерімен және бағыттарымен таныстырды. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша жұмыс нәтижелері жарияланды.  Комплаенс-қызмет жүргізген тексерулердің нәтижелері ұсынылды және тиісті материалдар одан әрі шаралар қабылдау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органдарға берілді.

Сатып алу процесінің ашықтығын арттыру, ақшалай қаражаттарды жоспарлау мен жұмсауды бақылауды жақсарту және жеткізушілер арасындағы бәсекелестікті ынталандыру мақсатында кәсіпорын мамандары Цифрлық платформа әзірледі. Бұл платформа сатып алу процесін жеңілдетуге және оны мүмкіндігінше ашық және қолжетімді етуге қабілетті заманауи технологиялық шешімдердің жиынтығы болып табылады.

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы қатысушыларға комбинаттың әрбір қызметкерінің сыбайлас жемқорлықтың туындау немесе кәсіпорында белгіленген әдеп нормаларын сақтамау фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке жүгіну мүмкіндігін еске салды.