06.09.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебінің семинары

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілерінің қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту жөніндегі іс-шара шеңберінде Ақтауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебінің оқу семинары болып өтті.

Семинарға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшылығы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалының директоры, облыстық жобалық кеңсе әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордан 60-қа жуық комплаенс-офицерлер қатысты. Аталған семинарға «МАЭК» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі де қатысты.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, «ISO 37001: сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджменттің халықаралық жүйесі» үлгілік жобасын іске асыру, сондай-ақ №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру кезінде ақпараттық жүйелерді қолдану туралы баяндамалар ұсынылды.

Бұл іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды аспектілерін талқылау алаңына айналды. Қатысушылар өз компанияларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тиімді іске асыру үшін пайдалы болатын тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шара соңында комплаенс-офицерлер мен комплаенс бойынша мамандарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебінің оқу семинарына қатысқаны туралы сертификаттар табысталды.