06.09.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

«МАЭК» ЖШС №2 ЖЭС энергия блогы іске қосылды

«МАЭК» ЖШС ЖЭС-те №2 энергоблок генераторы роторын жөндеу жұмыстары аяқталған соң оның орнықтылығы мен электрлік қосылуын тексеру үшін турбина іске қосылып, сынақтан өткізілді. Осы жұмыстар сәтті аяқталған соң энергоблок синхрондалып, желіге қосылды.


2023 жылы генератор роторы істен шыққан соң энергоблок 13 ай бойы жөндеуде тұрды. Бұл Маңғыстау өңірін тұрақты түрде электрмен жабдықтауға елеулі қауіп төндірген болатын.


№2 энергия блогы іске қосылғаннан кейін тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз ету мүмкіндіктері едәуір ұлғайды.
Қазіргі уақытта Жылу электр станциясында жалпы өндірісі 360 МВт болатын барлық үш энергия блогы жұмыс істеп тұр.