Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!
12 сәуірде «МАЭК» ЖШС жылу желісін жылу тасымалдағыштың есептік температурасына сынақтан өткізеді.
Қолданыстағы жылу желілері кем дегенде екі жылда бір рет жылу тасымалдағыштың есептік температурасына сынақтан өтуі тиіс. Бұл құбырлардың ықтимал ақауларын уақтылы анықтау, сондай-ақ температураның деформациясы жағдайында жылу желілерінің өтімдік жағдайын тексеру үшін қажет.
Ақтау қаласы әкімінің өкімімен жылу маусымы 15 сәуірде аяқталады. Кәсіпорында облыс орталығының жылу желілерін жаңғырту жұмыстары барысында кеңейтілген жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 22-26 сәуір аралығында құбырлардың ақаулы учаскелерін анықтау үшін жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізу жоспарланған. Бұл сынақ жылу жүйелерін 2024 – 2025 жылдардағы жаңа жылу кезеңіне барынша тиімді дайындауға мүмкіндік береді.
«МАЭК» ЖШС