«МАЭК» ЖШС басшылығының энергокомбинат кәсіподақтарының өкілдерімен кезекті кездесуі болып өтті. Онда кәсіпорын жұмыскерлерінің қызметі мен еңбек жағдайларына қатысты мәселелер талқыланды. Кездесу барысында бұған дейінгі жиналыстарда көтерілген бірқатар мәселелердің шешімі туралы айтылып, басшылықтың назарын талап ететін басқа да мәселелер қаралды.
Сұрақтардың бірі Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына (БТБА) сәйкес разрядтар бойынша талдаудың толық есебін ұсыну туралы болды. Қызметкерлер разрядтар мен оларға сәйкес жалақыларды анықтау процесінің ашықтығы мен объективті болатынына алаңдаушылық білдірді. Бас директор бұл мәселелер заңнамаға сәйкес шешілетінін, бұл ретте нормалар мен ережелерді сақтаудың маңыздырақ екенін атап өтті. Өткен айда комбинатта барлық бөлімшелердің қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазірде БТБА өзгерістері мен толықтыруларына сәйкес разрядтар беру бойынша кесте әзірленуде.
Жиында кәсіпорындағы кадрлардың ішкі лауазымдарын ауыстыру тақырыбы да қозғалды. Адам ресурстарын басқару департаменті өкілдері комбинатта жұмысшылардың, мамандардың және қызметшілердің білімі мен білігін бағалау мақсатында тестілеу жүргізіліп жатқанын айтты. Тестілеуден сәтті өткен қызметкерлер бос лауазымдарға орналасу үшін конкурстық комиссияға сұхбатқа жіберілетін болады.
Кәсіподақтар автокөлік паркінің жай-күйі, бос шығындар, ішкі нұсқаулықтар мен нормативтік базаны жаңарту, тұрмыстық үй-жайлар мен әлеуметтік блоктарды жөндеу тақырыптарын көтерді.
Кәсіпорын басшылығы мен кәсіподақ өкілдері арасында туындаған өзекті мәселелерді талқылап отыру қызметкерлермен арадағы коммуникацияны жақсартуға, сондай-ақ кәсіпорын жұмысының жалпы тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.