30.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Қойма шаруашылығы - 55 жыл

Қойма шаруашылығының жұмысы комбинаттың барлық шаруашылық және өндірістік процестерімен тығыз байланысты. Кәсіпорынның сенімді және  тиімді қызметі де осы бөлімшенің нәтижелі жұмысына байланысты.

Осыдан тура 55 жыл бұрын, 1969 жылдың 20 наурызында «Маңғышлақ энергетикалық зауытының» директоры Дмитрий Юрченконың бұйрығымен жабдықтар мен жабдықтау базасы құрылды.  Сол бұйрықпен база бастығының міндетін атқарушы болып М. Абдуллин тағайындалды.

Кейін Жабдықтар және жабдықтау базасы  Қойма шаруашылығы  болып қайта құрылды. Әр жылдары құрылымдық бөлімшені Николай Зинченко, Алексей Бобошко, Михаил Кушель, Геннадий Горбунов, Николай Жак, Владимир Ежов, Юрий Соловьев, Юрий Погодин, Анатолий Шабалин, Виктор Ланцов, Шапағат Сәдуақасов басқарды. Қазіргі уақытта Қойма шаруашылығының басшысы Қайрат Аманжолов болып табылады.  

Қойма шаруашылығы тауарлық-материалдық құндылықтар мен жабдықтарды шоғырландыру және жинақтау, оларды дұрыс сақтау мен есепке алуды ұйымдастыру, кәсіпорынның басқа бөлімшелерін материалдық ресурстармен үздіксіз жабдықтау функцияларын орындайды.

Қойма шаруашылығының ауданы 125 375 шаршы метрді құрайды, онда өндірістік және қойма үй-жайлары, ірі көлемді және ауыр салмақты жабдықтарды сақтауға арналған ашық алаңдар, химреагенттер мен кедендік жүктерді сақтауға арналған арнайы қоймалар орналасқан. Қойма қорларын есепке алу процесін оңтайландыру үшін барлық қоймалар жергілікті желімен қамтылған.

Төрт темір жол жолағы вагондардың қоймалар рампасына және тиеп-түсіру жұмыстары жүргізілетін ашық алаңдарға жақын тұруын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, қойма аумағында тиеп-түсіру жұмыстарының және жүк көліктерінің  босқа тұрып қалмауы үшін 3 төрт тағанды кран және  1 мұнаралы кран, кран-балка  мен жүк тиейтін көлік жұмыс істеп тұр. Бөлімше орындауға міндеттелген функциялар мен тапсырмаларды тәжірибелі әрі кәсіби мамандарсыз атқару мүмкін емес.

Бүгінде қойма шаруашылығының еңбек ұжымында 56 адам еңбек етеді. Қойма шаруашылығында 20 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан өндіріс ардагерлері Тілеш Өтепов, Ұлжан Нұрмұхамбетова, Мәжит Өтегенов, Юлия Радченко, Татьяна Тропина, Сергей Лавриненко, Қуандық Ещанов өз тәжірибелерін жас мамандарға үйретуде.