«МАЭК» ЖШС өкілдері Басқарма Төрағасы - Бас директоры Қайрат Рахимовтың басшылығымен «Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі» МКҚК-да болды.
Кездесу аясында өзара ынтымақтастықты нығайтуға, атап айтқанда, энергетикалық кәсіпорын мен энергетикалық колледж арасында екіжақты шартты қайта жасасуға қатысты мәселелер талқыланды.
«МАЭК» ЖШС-гі мен Маңғыстау энергетикалық колледжі 30 жылдан бері ынтымақтастық байланыста. Колледждің студенттері жыл сайын кәсіпорында өндірістік және диплом алды тәжірибелерінен өтеді.
Оқу орны қабырғасында комбинат мамандарының кәсіптік пәндер бойынша дәрістерін өткізу, сондай-ақ колледж оқытушыларын кәсіпорында тағылымдамадан өткізу мәселелері қаралды. Бұл қосымша кәсіби құзыреттерді алуға және жоғары деңгейде практикалық сабақтар өткізуге мүмкіндік береді, бұл болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.
Кездесу барысында қонақтарға Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің мұражайында экскурсия жүргізіліп, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен таныстырылды. Сондай-ақ, өңірдегі энергетика саласына мамандар даярлайтын колледждегі оқытылатын мамандықтар мен олардың оқу бағдарламалары көрсетілді.