04.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Халықаралық әйелдер күнімен!

Қымбатты арулар!

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

8 наурыз – халықаралық әйелдер күні, көгілдір көктеммен бірге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, апа, қарындастарымыздың төл мерекесі. Ең әдемі, ең жарқын мейрам баршамызға тамаша көңіл-күй, жер бетіне ерекше жылуын ала келеді. Бұл күнді біздер, ер-азаматтар асыға күтіп, сіздердің жүректеріңізге қуаныш сыйлауға, ыстық ықыласымызды білдіруге тырысамыз. Біздің комбинатта еңбек ететін 3550 қызметкердің 950-і әйел азаматтар. Олар күрделі әрі жауапты учаскелерде  еңбек етіп, кәсіпорын өндірісінің тоқтаусыз қызметін қамтамасыз етуде. Сіздерге ерлермен қатар атқарып жүрген абыройлы қызметтеріңіз үшін алғысымды арнаймын!  Сонымен қатар біздің қыз-келіншектер өз отбасыларының бақытына ұйытқы болып, берекесін кіргізіп отырған ардақты ана, аяулы жар. Жанұяларыңызда қуанышты күндер мен жақсылықтар көп болсын!

Көгілдір көктемнің осынау нәзік мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Ұрпағыңыздың қызығын көрер ұзақ ғұмыр, мерейлеріңізді үстем етер сәттіліктер тілеймін!

Әрқашан жүздеріңізден нұр шашып, көктемдей құлпырып жүріңіздер!

Қайрат Рахимов Басқарма Төрағасы – «МАЭК» ЖШС Бас директоры