06.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Көгілдір көктем мерекесі

Көктемнің ең жарқын, ең әдемі мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы.  Наурыздың алғашқы күндерінде келіп жететін осы бір шуақты мереке баршамыздың жүрегімізге жылу ұялатып, ерек сезімге бөлейді. Бүгін комбинаттың барлық бөлімшелерінде ер-азаматтар ұжымның әйелдер қауымын таңсәріден есік алдынан құрметпен күтіп алып, гүлдерін ұсынып,  көктемнің тамаша мерекесімен құттықтады. Жігіттер бүгін ерекше киініп, гүлдей құлпырып келген  қыз-келіншектерге   әдемі, мақтау сөздерін де, жылы лебіздерін де арнауда. Арулардың күлімдеген жүздерінен, ерекше көңіл-күйлерінен осынау әсем көктемнің лебі сезілгендей.

Кезекті еңбек күнін мерекелік көңіл-күймен бастаған нәзік жанды әріптестерін жігіттер көп ұзамай  мерекелік салтанатқа шақырды.  Шараға жиылған ұжымның әйелдер қауымын комбинаттың бас директорының  корпоративтік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мұхит Балқожаев құттықтап, денсаулық, бақыт, отбасы амандығын тіледі. Кәсіпорын басшысы  күрделі әрі жауапты учаскелерде  ерлермен иық тіресе еңбек етіп жүрген әйел азаматтардың адал еңбегі мен жігерлі қызметтері үшін алғысын білдіріп, бірқатар еңбек озаттарына  МАЭК басшылығының Алғыс хаттары мен Құрмет грамотасын табыстады.

Мерекелік шараның соңы ұжымдағы өнерлі жігіттердің  үлкен концертімен жалғасты.  Сахна төрінде шырқалған әндердің керемет  ырғағы  отырғандарды жайбарақат қалдырмай, ортаға алып шықты.  Жиналғандар әнге қосылып,би билеп, көңілдерін көтерді. Осылайша кәсіпорынның ерлер қауымы  өздерінің әдемі әріптестеріне  ерекше  мерекелік қуаныш сыйлады.

Айта кетейік, бүгін «МАЭК» ЖШС-нің бес қызметкері Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың  Алғыс хаттарымен де  марапатталды.