06.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Кезекті ойындағы жеңіс

3 наурыз күні МАЭК баскетболшылары Ақтау қаласында өтіп жатқан Әуесқой баскетболшылар лигасы аясында Қаражанбасмұнай командасымен кездесті. Шаршы алаңда керемет ойын үлгісін көрсеткен кәсіпорын спортшылары бұл жолы да басым ұпай көрсеткіштерімен жеңіске жетті. Жарыс нәтижесі 40:23 болды. МАЭК командасы лигада кездескен қарсыластарының бірде-біреуіне әзірге есе жіберген жоқ. Жеңіспен аяқталған спорттық дода қызықты әрі тартысты өтті.

Кәсіпорын командасы жанкүйерлерін Бас директор Қайрат Рахимовтың өзі бастап келіп, әріптес баскетболшыларға қолдау көрсетті. Жарыс соңында бас директор команда мүшелерін кезекті жеңісімен құттықтап, кәсіпорын абыройын биіктеткендері үшін өз алғысын жеткізді. Алдағы бәсекелерде де осы бағыттан таймай, спорттық шеберліктерін, бар күш-жігерін жұмсап,  лига жеңімпазы атануға тілектестік білдірді.