04.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

МАЭК баскетболшылары алда

11 ақпан күні Ақтауда баскетболдан Әуесқойлар лигасы аясындағы жарыстар басталды. Лигаға облыстағы ең мықты 9 команда қатысуда. Олардың қатарында «МАЭК» баскетбол командасының ойыншылары да бар. Алғашқы өткен жарыстарда біздің команда үш рет ойын алаңына шығып, барлығында да жеңіске жетті. Сәуір айының аяғына дейін созылатын жарыс барысында кәсіпорын командасы  әлі бірнеше рет ойынға шығатын болады.

«МАЭК» командасының жаттықтырушысы комбинатта ұзақ жыл еңбек етіп, өткен жылы зейнетке шыққан Андрей Литвинов. Құрметті демалысқа шықса да Андрей Филиппович өзі құрамында ойнап, жетекшілік еткен сүйікті командасынан қол үзген жоқ.

– «МАЭК» командасын қандай жарыс болмасын қарсыластарына есе жібермейтін ең үздік команда деуге болады. Бұл лигадада да біздің жігіттер алдарына жан салмай келеді. Әзірге бірде-бір қарсыластан жеңілген жоқпыз. Мақсатымыз – жарыс жеңімпазы атану», – дейді ол.

Баскетболдан Әуесқойлар лигасының жарыстары 26 шағын ауданда орналасқан «Отар» спорт кешенінде әр жексенбі күні сағат 10.00-13.00 аралығында өткізіледі. Әріптестерімізді кәсіпорын спортшыларын қолдап, «МАЭК» командасына жанкүйер болуға шақырамыз.