Комбинаттың Қауіпсіздік қызметінің қызметкері Ангелина Мирионкова BURABAY ICE 2024 халықаралық мұзда жүгіру турниріне қатысып, жеңімпаз атанды. Бұл шараға 600-ден астам нағыз трейлраннинг жанкүйерлері жиналды. Біздің әріптесіміз 18-35 жас аралығындағы әйелдер арасында 21 км қашықтықты еңсеріп, I орынға ие болды.
Экстремалды мұз жарысы 24 ақпанда Жұмбақтас тас аралының бойында мұз қатқан Бурабай көлінде болып өтті. Жарыстың ұсынылған қашықтықтарының ұзындықтары 7 км, 14 км, 21 км жүгіру және 7 км бойына скандинавиялық жүріс болды. Қазақстанның барлық аймақтарынан келген спортшылардың қатарында АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Италия, Өзбекстан және Үндістанның спортшылары да болды.
– Бұл жарыста біз үлкен сынақтан өттік десек болады. Қар, мұз, жел және бет қарыған аязға шыдап жүгіріп өту бұл жарыстың негізгі ерекшілігі әрі талабы. Қазақстанның інжу-маржаны саналатын Көкшедегі жарыс өте қызықты әрі тартысты өтті, – дейді Ангелина.
Жарысқа әр түрлі жастағы әуесқой спортшылар қатысты. Мәреге жеткен барлық жүгірушілер арнайы медальдермен марапатталды.